Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сенатор Нұрлан Бекенов ТүркПА комиссиясының отырысына қатысты

23-04-2023, 10:12 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 10-шы отырысына қатысты.

 «ТүркПА мүше елдеріндегі сауда-экономикалық әлеуетінің интеграциясы: жаңа жағдайдағы көліктік қаңқаның болашағы»   отырыстың тақырыбы болды. Сенатор басқа елдердің парламентшілерімен бірлесіп «Цифрлық қаржы активтері туралы» үлгі заң жобасын талқылады.

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар «Сауда өкілдіктері туралы» және «Айналымға шығарылатын өнімнің қауіпсіздігі мен сапасының негіздері туралы» үлгі заңдарды әзірлеуге кірісті.

Комиссия мүшелері кездесу соңында «ТүркПА-ға мүше мемлекеттердің сауда өкілдіктері: ұлттық экономиканы нығайту және бірлескен экономикалық ынтымақтастыққа үлес қосу» тақырыбы бойынша Комиссияның келесі 11-ші отырысының өтетін күні мен орнын анықтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив