Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
504.76 593.8 6.5

Жаңа жылдық «NEW YEAR with QAZAQCONCERT» кешінде отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті

Кеше, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «NEW YEAR with QAZAQCONCERT» атты жаңа жылдық концерт өтті.

Мәдени кеш барысында эстрада жұлдыздары көрерменге мерекелік көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлап, жанды дауыста кәсіби бэндтің сүйемелдеуімен көпшілік сүйіп тыңдайтын хит әндерді орындады.

Концерттік бағдарламада «Жаңа жыл шамдары», «Аппақ қар», «Жаңа жыл», «It's the Most Wonderful Time of the Year », «Jingle Bell Rock» және т.б. шығармалар шырқалды. Музыкалық бағдарлама би нөмірлері мен сахналық қойылымдармен толықты.

Сахнаға «Қазақконцерт» ұйымының танымал өнер жұлдыздары шықты. Сонымен қатар «Astana Musical» мемлекеттік театры, «GULDER» ансамблінің балеті, G-band тобы да көрерменге ерекше әсер сыйлады. Аталмыш концерт жемісті жылдың  жарқын қорытындысы болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив