Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

ҚР Әділет министрлігінің алқа отырысы өтті

23-04-2023, 14:21 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен Әділет министрлігінің алқа отырысы өтті. Жиын барысында Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің 2022 жылғы және ағымдағы жылғы 1-тоқсандағы жұмысы қорытындыланды.

Алқа отырысында жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштер санын азайту шаралары, сондай-ақ аумақтық әділет органдарының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін тіркеуінің жай-күйі мәселелері қаралды.

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев қарапайым халық үнемі бетпе-бет келптін өзекті мәселелерге назар аудару қажеттігін атап өтті. Бұл жеке сот орындаушыларының, нотариустардың әрекеттеріне қатысты шағымдар. Олар жіберген бұзушылықтардың саны артуда. Өңірлерде тұрғындар жергілікті деңгейде тиісті шешім таба алмай, орталық мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүр болады деді министр.

«Сіздер халықпен кездесулердің тиімділігін арттыруға назар аударуларыңыз керек. Туындаған мәселелерді уақтылы шешуді қамтамасыз ету үшін сіздердің аймақтарыңыздағы азаматтарды қандай проблемалар мазалайтынын білулеріңіз керек», - деді ведомство басшысы.

Әділет министрлігінің алқа отырысына Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық әділет органдарының басшылары қатысты. Министр орталық аппарат пен өңірлік әділет департаменті басшыларына нақты тапсырмалар қойып, салалық бағыттардағы көрсеткіштерді іс жүзінде жақсартуды міндеттеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив