Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

ШҚО ТЖД құтқарушысы қызметтен бос уақытында адамды құтқарды

23-04-2023, 15:35 Думан Кенжеғазыұлы

ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкері Евгений Карпунов қызметтен бос уақытында Мирный кентінің ауданындағы Ертіс өзенінде су ішінде тұрған жігітті байқап қалды. Евгений судан шығыңыз деп айқайлады және бұл жерде өте қауіпті екенін айтқан, алайда ер адам ол мүмкін емес, әлім жоқ, қатты тоңғанын айтады. Құтқарушы Карпунов еш ойланбастан суға қойып кетті, оған дейін әріптестеріне "112" нөмірі бойынша көмекке шақырып үлгереді, жігітке малтып жетіп, қайықпен келген ШҚО ТЖД ЖҚЖ бөлімшесімен бірге зардап шеккен адамды жағаға жеткізіп, алғашқы көмек көрсетіп, қатты тоңған адамды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

Белгілі болғандай, 1995 жылы туған жігіт қызбен ұрысып, су қоймасына барып, суға батып кете жаздады.

Евгений Карпунов тәжірибелі құтқарушы және 11 жылдан астам уақыт азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етіп келеді.

Ол әрдайым көмекке келуге дайын болды, өйткені құтқарушылар  қызметте немесе демалыста болса да өз міндеттеріне адал.

ШҚО ТЖД азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Ешқандай жағдайда өмірге қауіп төндірмеңіз. Өзендердегі су әлі де өте суық және өмірге қауіп төндіреді.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив