Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
502.57 591.68 6.42

Қала әкімінің төрағалығымен коммуналдық қызметтердің жұмыс кеңесі өтті

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларына жауапты бөлімдердің қызметкерлерімен, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында жолдардың жай-күйі, көшелер мен қоғамдық орындардың жарықтандырылуы мен тазалығы мәселелері жан-жақты талқыланды. Қала басшысы бұл бағыттар тұрғындарға көрсетілетін күнделікті әрі маңызды қызметтердің қатарына жататынын атап өтті.

«Бұл – қала тұрғындарына тікелей әсер ететін маңызды қызметтер. Сондықтан әрбір атқарылған жұмыс нақты нәтижемен көрініс табуы тиіс», – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Әділет Нұрсағатұлы қаланы жылу, ауыз су және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды және тиісті қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив