Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Семейде қоғамдық орындарда тегін Wi-Fi іске қосылды

31-12-2025, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің қолдауымен Семей қаласының бірқатар қоғамдық орындарында заманауи Freedom Wi-Fi тегін интернет желісі орнатылып жатыр. Жобаны Freedom Telecom компаниясы жүзеге асыруда.

Жаңа буындағы Wi-Fi 7 (IEEE 802.11be) технологиясына негізделген желі қала тұрғындары мен қонақтарының цифрлық қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Қазіргі таңда тегін Wi-Fi келесі аумақтарда қолжетімді:

• Арбат
• Орталық парк
• Орталық алаң
• Әуезов атындағы алаң
• Жамақаев көшесіндегі саябақ

Жоба аясында 38 қолжетімділік нүктесі орнатылып, интернет жылдамдығы 1 Гбит/с дейін жетеді. Желінің мүмкіндігі бір мезетте 5 мыңға жуық пайдаланушыны тұрақты байланыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Freedom Wi-Fi жаппай іс-шаралар кезінде де жоғары сапалы интернет қолжетімділігін қамтамасыз етіп, қалалық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға үлес қосуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив