Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
512.83 600.58 6.36

Көлік министрлігінде биылғы жылға арналған «ҚазжолҒЗИ» АҚ мен Жол активтері сапасының ұлттық орталығының жұмыс жоспарлары талқыланды

6-01-2026, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты мен Жол активтері сапасының ұлттық орталығының биылғы жылға межеленген жұмыс жоспарларымен танысты.

Автомобиль жолдарының сапасын арттыру мен жол-құрылыс саласын ілгерілетуге арналған ғылыми, нормативтік-құқықтық және практикалық шаралар топтамасы талқыланды.

Ұсынылған жоспарларға сәйкес, ғылыми-зерттеу институты бес ғылыми-зерттеу жұмысын әзірлеуді, сондай-ақ автомобиль жолдарын жобалау, салу, жөндеу және күтіп-ұстау мәселелерін қамтитын 15 стандарт пен нормативтік-техникалық құжатты дайындауды көздеп отыр. Жеке бағыт ретінде автожол саласының мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға көңіл бөлінеді.

ЖАСҰО бекітілген жоспарлар шеңберінде 20 мың шақырым автомобиль жолын диагностикадан өткізуді, сондай-ақ орындалған жұмыстар мен қолданылған материалдардың сапасын тексеру мақсатында шамамен 40 мың сараптама жүргізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ «E-Joldar» цифрлық платформасын одан әрі дамыту, оның функционалдығын кеңейту және салалық үдерістерде қолдану, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сонымен қатар ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Іс-шара аясында Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин саланың барлық қатысушыларының үйлесімді, әрі бірлесе жұмыс атқаруының маңыздылығын сөз етті.

«Қойылған міндеттерді орындау тек бірлескен және үйлесімді әрекет арқылы мүмкін. Жол саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс қажет», - деді Төлеген Абдуллин.

Талқылау нәтижесінде алдағы жұмыс бағыттары айқындалып, жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде жүзеге асыру қажеттілігі сөзге тиек етілді.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив