Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады

24-04-2023, 11:29 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия Республикасының Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Фиаланың елімізге жасаған алғашқы ресми сапары екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

– Сіз елімізге үлкен бизнес-делегация алып  келдіңіз. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты ілгерілетуге пайдасы өте зор бизнес форум өтеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Чехия Президенті лауазымына сайланған Петр Павелге құттықтауын жолдады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде көлік-логистика саласын нығайту перспективаларына баса мән берілді. Президент чех инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

– Чехия Республикасынан энергетика, машина жасау, көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина өнеркәсібі және фармацевтика секілді экономиканың түрлі салаларына құйылатын инвестицияны құптаймыз. Сондай-ақ елдеріміздің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашамыз деп сенеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Петр Фиала  Чехияның елімізбен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

– Чехия Республикасы Қазақстанмен бұрыннан достық қарым-қатынас орнатқан және оны жалғастырамыз деп сенеміз. Осы кездесуіміз белсенді байланыстарға тың серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан – біз үшін  өте маңызды серіктес. Қазақстан мен Чехия Республикасының ынтымақтастығы Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастардың аса маңызды тірегінің бірі саналады, – деді Чехия Премьер-министрі.

Сонымен қатар кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив