Cемей34°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
466.08 538.56 5.65

Абай облысында 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы іске қосылды

12-01-2026, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының Ақсуат ауданында қуаттылығы 5 мың бас ірі қараға арналған заманауи мал бордақылау алаңы пайдалануға берілді. Нысан «Мәуліт» шаруа қожалығының базасында іске қосылды.

Шаруа қожалығы 3 850 гектар аумақта орналасқан және заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен толық қамтамасыз етілген.

Қожалық қызметінің негізгі бағыттарының бірі – жергілікті тұрғындар мен жеке қосалқы шаруашылықтардан бұзауларды қабылдау. Бұл ауыл тұрғындарына қосымша табыс табуға мүмкіндік беріп, оларды агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік тізбегіне тартуға жол ашады.

Қазіргі таңда бордақылауда 1 200 бас бұқашық бар.

Бордақылау алаңының іске қосылуы өңірде сиыр етін өндіру көлемін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және Абай облысының ауыл экономикасын дамытуға қосымша серпін береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив