Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

ТЖМ-де мемлекеттік өртті бақылаудың үздік аумақтық бөлімшесі айқындалды

12-01-2026, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

ТЖМ-де өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлардың кәсіби шеберлігін арттыру және жұмысын ынталандыру мақсатында жыл сайынғы «Үздік мемлекеттік өрт бақылау басқармасы» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылды.

Аумақтық бөлімшелердің жұмысы бақыланатын объектілерді есепке алуды ұйымдастыру, профилактикалық бақылауды орындау, әкімшілік практика көрсеткіштері және инспектор жұмысының басқа да негізгі критерийлері бойынша бағаланды.

2024 жыл қорытындысы бойынша Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы үздік деп танылды.

Негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін екінші орынды Батыс Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, үшінші орынды Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы иеленді.

Өрт инспекторларының жұмысы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде ерекше орын алады. Мамандар объектілерге профилактикалық тексерулер жүргізеді, өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтарың олардың өмірі мен мүлкіне нұқсан келтірмей түзетуге болатын кезеңде анықтайды, кәсіпкерлер мен азаматтар арасында ақпараттық жұмыс жүргізеді және тағы басқалар.

Байқаудағы жеңіс – бұл азаматтар мен объектілерді қорғауға жүйелі көзқарасты мойындау.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив