Қазақстан бизнесті бақылаудың сервистік моделіне көшуде
Ел экономикасының дамуы тек салықтарға ғана емес, бизнестің инфрақұрылымға қолжетімділігіне де тікелей байланысты.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап экономиканы көлеңкеден шығаруға бағытталған салықтық әкішілендірудің ауқымды реформасы іске асырылуда.
Бизнес үшін ойын ережелері қалай өзгеретіні жөніде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов «ONAIR» бағдарламасына берген сұхбат барысында айтты.
Талқылау кезінде мобильді аударымдар мен қаржылық ағындарды бақылауды күшейту мәселесі басты тақырыптардың бірі болды. Тимур Жаркеновтың айтуынша, мемлекет салық төлеушілермен жұмыста «сервистік тәсілді» құруды мақсат тұтып отыр. Цифрландыру транзакциялардың ашықтығын қамтамасыз ететін басты құралға айналуда.
«Біз, «Атамекен» Ұлттық палатасы, бизнес-қоғамдастықты жеке төлемдер мен коммерциялық қызметтің ара-жігін анықтауға шақырамыз. Қазір бизнестің барынша әлеуметтенуі маңызды болып отыр», – деп атап өтті Жаркенов.
Бұл ретте сарапшының пікірінше, Палата жұмсақ тәсіл мен адал жұмыс істеуге ынталандыру әдістерін қолдайтынын, әкімшілік қысым мен жазалау шараларынан гөрі, көтермелеу тетіктеріне басымдық беретінін атап өтті.
Бизнес-қоғамдастық, әсіресе 2026 жылға жоспарланған тексерулерге байланысты бақылаудың күшеюін сақтықпен қабылдап отыр. Жаркеновтің түсіндіруінше, қазір тәуекелге бағытталған тәсіл енгізілуде – тексерулер жүйе айқын заңбұзушылықтарды анықтаған кәсіпорындарға ғана тағайындалады.
«Егер сен салықты төлеп отырсаң, тексеріске ілінбеуің керек. Қисыны өте оңай. Бұл тәжірибе іс жүзінде қалай жүзеге асатынына біз үміт аралас сақтықпен қарап отырмыз», – деді «Атамекен» өкілі.
Бизнес бөлшектеумен күрес және ШОБ-ты қолдау
ҚҚС төлеуден жалтару мақсатында бизнесті жасанды бөлшектеуге қарсы күреске ерекше назар аударылды. Тимур Жаркенов, мұндай жағымсыз жайттардың бар екенін мойындай отырып, тәуекелдерге де тоқталды. Оның айтуынша, кей жағдайда мұндай шаралар кәсіпкерлердің «сұр» аймақтан «қара» аймаққа кетуіне әкелуі мүмкін.
Жазалау тәсілдеріне балама ретінде Жаркенов мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын атап өтті.
Біріншіден, қолжетімді қаржыландыру. Орташа 20% деңгейіндегі несие мөлшерлемесі ШОБ-тың басым бөлігі үшін көтере алмайтын жүк болып отыр. «Іскер аймақ» бағдарламасы арқылы 400 млрд теңге бөлу және Экономиканы дамыту қорының құрылуы бұл мәселені шешуге тиіс.
Екіншіден, инфрақұрылым. Наубайханадан бастап кірпіш зауытына дейін, электр желілеріне, суға және жолдарға қолжетімсіз бірде-бір бизнес дами алмайтыны белгілі.
Тимур Жаркеновтің айтқысы келген негізгі ойы – салық экономиканың іргетасы болғанымен, өсім тек соған ғана тәуелді емес. Қазақстанның табысты дамуы үшін бизнеске ресурстарға, инфрақұрылымға және білімге қолжетімділік қамтамасыз етілуі керек. Сонда ғана ресми жұмыс істеу көлеңкеде қалудан тиімді болады.
«Салық – маңызды, бірақ экономиканың дұрыс дамуы тек салыққа ғана байланысты емес», – деп түйіндеді ол.
Толығырақ сілтемеден көріңіз