Cемей-26°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
510.43 594.86 6.49

"Бір ауыл – бір өнім" жобасының өнімдері еліміздегі сауда желілерінде сатылымда

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

"Бір ауыл – бір өнім" жобасы жергілікті өнім өндірушілерді қолдау бағыты бойынша іске асырылады. Ол кеңес беру, көрме ұйымдастыру, перспективалық өнімдерді іріктеу, бренд әзірлеу, оқыту мен маркетинг секілді қаржысыз қолдауды көздейді.

2025 жылы жоба шеңберінде 1058 кеңес беріліп, 20 өңірлік көрме өткізілген. Оған 821 өндіруші қатысты. 20 өңірлік бренд-комитет отырысы қорытындысы бойынша 200 өнім түрі іріктеліп, жобаның 60 жеңімпазы анықталды.

2025 жылғы басты оқиғаның бірі 21-23 наурызда Астанада өткізілген "Наурыз базары" халықаралық жәрмеңкесі. Оған 14 өңірден 2023-2024 жылдардағы жобаға 24 финалисі қатысты. Өндірушілер бал, сүт өнімін, гастрономиялық ет, тәттілер мен сусын сияқты шамамен 2 тонна өнім ұсынды. Бұл халықтың жергілікті өнімге деген зор қызығушылығын көрсетеді.

2025 жылғы наурызда Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қолдауымен жергілікті өнім өндірушілердің өнімі Токиодағы FOODEX JAPAN 2025 халықаралық көрмесінде ұсынылды. Көрмеге Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының өндірушілері қатысты. Көрмеде Қызылорда облысынан келген жантақ балы "Жапонияның үздік балы" беделді байқауына қатысуға шақыру алса, Алтай шөп шайы шетелдіктердің көзайымына айналды.  Көрмеге әлемнің 75 елінен өндіруші келген. Жаһандық аренада қазақстандық өнім жоғары деңгей көрсетті.

Жобаның финалистері 2025 жылғы қыркүйекте Франциядағы Mondial du Fromage - 2025 байқауында ешкі және түйе сүтінен жасалған ірімшік пен сүт өнімі, сондай-ақ ұлттық өнімдер үшін алтын және қола медальға ие болды.

Маңызды инфрақұрылымдық қадам 2025 жылғы 8 қазанда Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш тұрақты халықаралық сауда нүктесі - NOMAD Bazaar-дың ашылуы болды. Көк базарда орналасқан алаң сату, логистик, маркетинг пен бухгалтерлік есепті орталықтан сүйемелдей отырып, Қазақстан мен аймақтағы елдердің жоба өнімін сатудың тұрақты арнасына айналды.

Ұлттық жобасының қатысушылары мен жеңімпаздарының өнімі нарықты сенімді түрде жаулап алуда. Бұл өнімдерді елдегі барлық тұрғын сатып ала алады. Қазақстандық қолөнер иелері мен түрлі өңірдің өндірушілері жасаған тауарлар Қазақстанның басты сауда желілерінде ұсынылған. Мәселен, Marwin желісінде Атырау облысы жеңімпазының қазақ өнерінің үздік үлгісінің бірі домбыра, сондай-ақ Қызылорда облысының өндірушісі жасаған түйе сүтінен жасалған косметикалық өнім бар. Алматыдан келген қатысушының кәдесыйы да осы желінің дүкен сөрелерінен табылады. Солтүстік Қазақстан облысының өндірушілері Galmart желісінде табиғи, ешкі ірімшігін ұсынса, Астаналық өнім – табиғи пастила – "ВкусМаркет"желісінде сатылады.

Жылдың соңын 2025 жылғы 12-13 қарашада Астанада 18 өңірден 48 финалисттің қатысуымен өткізілген республикалық жобаның көрмесі жапты. Көрмедегі жиынтық түсім — 8 226 168 теңге.

Жалпы, 2025 жылы жоба шеңберінде 53 жаңа бизнес субъектісі құрылып, 131 кәсіпкер қызметін кеңейткен. 410 сату нүктесі, 236 жұмыс орны құрылды. Кредит пен грант түріндегі қаржылық қолдауды жалпы сомасы 593 935 600 теңгеге 93 қатысушы алды.

2025 жылғы жобаның 60 финалистінің 44 қатысушысы 5 млн теңгеге грант алуға өтінім берсе, оның ішінде 39 финалист 191 312 000 теңге сомасына қолдау алды. Бұл финалистердің жалпы санының 65%-ы.

Жыл бойы жобаның қатысушылары мен финалистері үшін маркетинг, SMM, қаржылық сауаттылық, салық салу, инвестиция тарту, ЖИ-құралдарын пайдалану, сондай-ақ қолөнер, сүт, ет және т. б. өндіріс технологиялары бойынша оқыту семинарлары мен курстары өткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив