Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылымға арналған 1% аударымдары енді тікелей республикалық бюджетке түседі

15-01-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Энергетика министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру тәртібін қайта қарады.

Мемлекет басшысының аударымдарды орталықтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (9-баптың 2-тармағы) сәйкестендіру мақсатында, көмірсутектер мен уран өндіретін жер қойнауын пайдаланушылар ғылымды қаржыландыруға арналған қаражатты енді тікелей республикалық бюджетке аударуға міндетті.

Осы мақсатта арнайы бюджеттік сыныптама коды бекітілді: 401103 — «Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары».

Тиісті өзгерістер 2025 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған бірлескен бұйрықпен бекітілді. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №244 «Көмірсутектер мен уранды өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» шешім қабылданды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив