Cемей-28°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
510.43 594.86 6.49

Ауыл құтқарушылары 753 өртті сөндірді: бағдарлама қазақстандық ауылдардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етіп отыр

Бүгін, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы12 айдың қорытындысы бойынша «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру бекеттері өз күштерімен 753 өртті сөндіріп, мемлекеттік өртке қарсы бөлімшелермен бірлесіп 2 мыңнан астам оқиғаның алдын алды. Бұл ауылдық елді мекендердегі материалдық шығынды едәуір азайтуға мүмкіндік берді. Жарқын мысалдардың бірі Ақтөбе облысындағы Маржанбұлақ ауылы. Мұнда ерікті құралым балабақшада шыққан өртті жедел сөндіріп, 60 адамды, оның ішінде 50 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Бағдарлама Қазақстан ТЖМ басшысының бастамасымен жүзеге асырылып, жергілікті тұрғындар арасынан ерікті өртке қарсы құралымдарды құруға бағытталған. Олар арнайы оқытудан өтіп, өрттер мен төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дағдыларын меңгереді. Бұл тәсіл өртті бастапқы кезеңінде-ақ оқшаулауға, салдарын азайтуға және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Барлық өрт сөндіру бекеттері ТЖМ есебінен арнайы техникамен, байланыс құралдарымен, сорғылармен, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және жеке қорғаныш жабдықтарымен жарақталады. Сарапшылардың айтуынша өрт басталғаннан кейінгі алғашқы 10–15 минут залал көлемін айқындайды, ал бағдарлама аясында осы шешуші уақыт барынша тиімді пайдаланылуда.

Бүгінде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы Қазақстанның 17 өңірін қамтып отыр. Елімізде 154 жаңа ерікті өрт сөндіру пункті құрылып, оларға 149 бірлік арнайы техника берілді. Бұл жүйе ауылдық елді мекендердің төтенше жағдайларға қорғалуын арттырып, жалпы елдегі қауіпсіздік деңгейін күшейтуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив