Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Полиция қызметкерлері күні аталып өтті

28-06-2025, 16:41 018.kz

Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Полиция қызметкерлері күніне арналған салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды. Маңызды жиынға аудан әкімінің орынбасары Аслан Балабекұлы, құқық қорғау органдарының басшылығы, ардагер полицейлер, қызмет бабында жүрген тәртіп сақшылары және сала қызметкерлерінің отбасы мүшелері қатысты.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Аслан Балабекұлы сөз сөйлеп, полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде полиция қызметінің қоғамдағы айрықша маңызына тоқталып, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларының еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін атап өтті.

Мерекелік жиын барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан бірқатар полиция қызметкерлері алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен және арнайы марапаттармен марапатталды. Бұл марапаттар – тәртіп сақшыларының кәсібилігі мен жауапкершілігінің нақты көрінісі.

Полиция қызметі – ел тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігінің берік тірегі. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және халықтың тыныштығын қорғау жолында тәулік бойы қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшыларына жиналған қауым зор алғыс білдірді.

Салтанатты бөлімнен кейін мерекелік шара аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Көңілді әндер мен әсем әуендер, ұлттық және заманауи билер кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің сәнін арттыра түсті.

Шара соңында полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, ал жауапты қызметтеріне табыс пен ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тілектері айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив