Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданында Жас сайлаушылар клубы құрылды

19-09-2025, 16:18 018.kz

Көкпекті ауданында жастардың сайлау үдерістеріне белсенді қатысуын арттыру, олардың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында Жас сайлаушылар клубын құруға арналған арнайы жиын өтті. Іс-шара Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы мен Көкпекті аудандық жастар ресурстық орталығының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.

Жиынға аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдердің қызметкерлері, мектептердің жас мамандары мен ұстаздары, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары қатысып, бастамаға зор қызығушылық танытты.

Кездесу барысында бірқатар маңызды ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. Атап айтқанда:

  • Жас сайлаушылар клубын құру туралы шешім қабылданып, оның қызметін реттейтін ережесі бекітілді;

  • Клуб жұмысының жүйелі әрі тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында тараптар арасында ынтымақтастық туралы екіжақты Меморандумға қол қойылды;

  • Алдағы кезеңге арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, клуб қызметінің негізгі бағыттары айқындалды.

Жиын барысында жастар белсенді түрде сөз алып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Олар аталған клубтың жұмысы жас буынның сайлау мәдениетін арттыруға, қоғам өміріне саналы түрде араласуына мүмкіндік беретінін атап өтіп, Көкпекті ауданының аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан көрсетілетін қолдауға ризашылықтарын білдірді.

Жас сайлаушылар клубының құрылуы – жастардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың ел болашағына жауапкершілікпен қарауына және азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив