Ерұлан Жамаубаев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді.
Директорлар кеңесі Қордың 2022 жылдың қаржылық есептілік аудитін қарап, алдын ала мақұлдады, сондай-ақ өткен жылғы даму жоспарының орындалуы туралы есепті және тоқсандық тәуекел есебін қарап, Қордың Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітті.
Сонымен қатар Директорлар кеңесінің мүшелері 2022 жылға арналған Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелерін сақтау туралы корпоративтік шешімдерді, Директорлар кеңесінің қызметін бағалау нәтижелері бойынша қорытындыларды жан-жақты қарап, қабылдады.
Сондай-ақ Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын қызметтер бойынша есептер, оның ішінде ішкі аудит және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметіне қатысты басқа да мәселелерді қарады.