Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.48 534.68 5.43

Қазақстан Елшісі ҚХР Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды

25-04-2023, 10:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге сенім грамоталарын тапсырды. 

Салтанатты рәсім шеңберіндегі қысқаша әңгімелесу барысында ҚХР Төрағасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы сәлемін жеткізді. Қытай басшысы Елшіге екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету мақсатындағы еңбегіне сәттілік тіледі. 

Өз кезегінде Ш. Нұрышев Мемлекет басшысының ізгі тілектерін жеткізе отырып, Қазақстанның Елшісі лауазымында екіжақты стратегиялық әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін барлық күш-жігерін салатынына сендірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив