Жақия Шайжүнісов атындағы мектепте Абай Құнанбайұлына арналған секциялық бұрыш ашылды
Бүгін Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мол рухани қазынасына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты секциялық бұрыштың ашылу салтанаты өткізілді.
Іс-шараға аудандық мәдениет үйінің әдіскері Малғаждаров Қайрат Қапайұлы, аудандық «Жұлдыз» газетінің бас редакторы Тоянкенев Фархат Маратұлы, Көкпекті ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының директоры Омарбекова Арайлым Досбергенқызы, сондай-ақ аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Жұмаханова Райхан Садыбекқызы қатысып, жас ұрпаққа арнаулы құттықтау сөздерін арнады.
Салтанатты шара барысында оқушылар ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, әндерін орындап, Абай шығармашылығының тереңдігін паш етті.
Абай Құнанбайұлының мұрасы – ұлтымыздың сарқылмас рухани байлығы. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға, рухани құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Ұлы ойшылдың даналыққа толы өсиеттері мен асыл сөздері арқылы жастарды адамгершілікке, білімге, еңбекқорлыққа және ізгілікке тәрбиелеу – аталмыш іс-шараның басты мақсаты болып саналады.
Мектеп қабырғасында осындай тағылымы терең іс-шаралар дәстүрлі түрде жалғасын табатынына сенім мол.
Бүгінгі іс-шараға белсене қатысқан қонақтарға, ұстаздарға және оқушыларға зор алғыс білдіріледі.