Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданында Республика күніне арналған патриоттық сағат өтті

23-10-2025, 14:53 018.kz

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Көкпекті аудандық тарихи-өлкетану мұражайында жастар ресурстық орталығының мүшелерінің қатысуымен патриоттық сағат ұйымдастырылды.

Іс-шараға Абай атындағы мектеп-балабақша кешені мен Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары қатысты. Оқушылар мемлекеттік Гимнді орындап, мерекенің маңыздылығы мен тарихына арналған тақырыптық ақпаратты тыңдады. Сонымен қатар арнайы бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар көрмедегі экспонаттармен танысты.

Патриоттық сағат барысында оқушылар әдеби монтаж қойып, өлең оқып, ән, күй және би орындады. Бұл шара жастардың патриоттық сезімін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Іс-шара соңында мұражай залдарында танымдық экскурсия өткізілді, нәтижесінде қатысушылар ауданның тарихымен, мәдениетімен және ұлттық мұраларымен жан-жақты танысты.

Бұл патриоттық сағат жас ұрпақтың өз елінің тарихына құрметін арттыруға, қоғамға деген жауапкершілігін қалыптастыруға және мәдени-ағартушылық деңгейін көтеруге бағытталған маңызды іс-шара болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив