Текті ұлдың ұрпағы – өнер шаңырағында
Қазақ халқы ежелден «Тегін тану – түпкі төркінін тану» деп бекер айтпаған. Жақсының ұрпағы ел есінде, елдің алдында сақталады. Осы өнегелі сөздің мәнін бүгінгі күнде нақты іспен дәлелдеп жүрген текті әулет өкілі – ұлағатты ұстаз, тарихта мың баланың әкесі атанған Жақия Шайжүнісовтың немересі Сергей Тоқанұлы өнер ордасына ат басын бұрды.
Құрметті қонақтарды бастап келген аудан әкімінің міндетін атқарушы Аслан Балабекұлы Жақия Шайжүнісов еңбек еткен Балалар үйінің тарихымен таныстырып өтті.
Өнер мектебіне келген Сергей Тоқанұлы атасының еңбек еткен Балалар үйінің тарихымен, сондай-ақ қазіргі уақытта қолданысқа берілген «Оқушылар шығармашылық сарайының» тыныс-тіршілігімен танысты. Қонаққа экскурсия барысында мектептің шығармашылық кабинеттері мен әртүрлі үйірмелердің жұмыс барысы көрсетілді, оқушылардың өнердегі жетістіктері мен жобалары жайлы ақпарат берілді.
Бұл жүздесу – тарих пен бүгінгі күннің, рух пен өнердің табыстырған тамаша сәті болды. Асылдың ұрпағы келген күн – өнер ордасының мәртебесі өскен күн, ал келешек ұрпаққа үлгі боларлық естелік оқиға ретінде есте қалды.