Көкпектіде ауылшаруашылық құрылымдары арасында спорттық біріншілік өтті
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аясында Көкпекті ауданында алғаш рет аудандық шаруа қожалықтарының командалары арасында спорттық біріншілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысқан командалар өз күшін, ептілігін және командалық рухын арқан тарту, садақ ату және армрестлинг сияқты спорт түрлерінде көрсетті. Бұл біріншілік ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің дене шынықтыруын арттыруға, командалық ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби мерекені ерекше атап өтуге бағытталды.
Жалпыкомандалық есеп бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:
-
1 орын — «Елімай» ШҚ
-
2 орын — «Виничук» ШҚ
-
3 орын — «Рустам» ШҚ
Сонымен қатар, жеке сын бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізген қатысушылар да арнайы марапатталды.
Шараның ұйымдастырушылары — Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, сондай-ақ аудандық мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімі болды. Бұл іс-шара ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін қолдау, олардың шығармашылық әлеуеті мен дене мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды бастама болып отыр.