Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Теректі ауылында діни сауаттылық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

3-12-2025, 10:19 018.kz

Абай облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Өмірханов Мақсат Ерланұлы және Көкпекті аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Рахимбаев Азат Қайратович Теректі ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс-шараға 9–11 сынып оқушылары, мектеп ұжымы және ауыл тұрғындары қатысып, белсенді пікір алмасты. Кездесу барысында қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша жан-жақты ақпарат ұсынылды:

  • зайырлылық қағидаттарын сақтау және олардың қоғамдағы рөлі;

  • ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды сақтау маңыздығы;

  • интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі сенімсіз ақпараттан сақтану жолдары.

Шара барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларын ортаға салды. Кездесу тәрбиелік мәні жоғары, жас ұрпақ пен ауыл тұрғындары үшін диалогқа толы мазмұнды болды. Мұндай кездесулер қоғамда діни тұрақтылықты сақтау, жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттауға зор үлес қосады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив