Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Болат Бекбердинов: «Қордың миссиясы — Көкпекті ауданын жан-жақты дамыту»

13-07-2025, 15:51 018.kz

Бүгінде әр ауыл, әр аудан өз болашағына өзі жауапты. Қоғамдық сананың оянып, азаматтардың ортақ іске белсене араласуы — заман талабы. Осы тұрғыда, Көкпекті ауданында құрылған «Көкпекті» ауылшаруашылық қоры — жай ғана құрылым емес, елдік мұратпен, ұлттық мүддемен астасқан игі бастама.

Аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлының бастамасымен өмірге келген бұл қордың миссиясы ауқымды. Ол тек атаулы шараларға демеушілік көрсету үшін емес, тұтас өңірдің өркендеуіне серпін беру үшін құрылды.

Қордың негізгі мақсаттары:

  1. Өңірге қажетті мамандарды тарту және олардың еңбек етуіне қолайлы орта жасау — кадр тапшылығын шешудің тиімді жолы.

  2. Спорт пен өнер саласындағы дарындарды қолдау арқылы руханиятты дамыту.

  3. Ауданға қатысты зерттеулер мен шығармаларды қолдау арқылы болашаққа тарихи және ғылыми іргетас қалдыру.

«Көкпекті» қоры — тек қаражат жинаушы ұйым емес, аудан халқының игілікке деген ынта-жігерін ұйымдастыратын күшке айналған бастама. Мұндай ұйымның болуы — елдік істерге қолдау көрсетуге дайын азаматтардың бар екенін, оларды үйлестіре білетін басшылықтың бар екенін көрсетеді.

Қор жұмысы жүйелі жолға қойылып, нақты нәтижелерге жеткізетініне сенім мол. Жергілікті халықтың қолдауы мен ниеті мықты болса, алынбайтын асу жоқ. «Көкпекті» ауылшаруашылық қорының жұмысы берекелі болсын! Ел ертеңіне қызмет ететін мұндай игі бастама ауданның көркеюіне және халқының өркендеуіне үлес қоссын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив