Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Семейде мердігер компания ескертулерді елемеді

21-01-2026, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев арық жүйесінің жай-күйін қайта тексерді. Тексеру нәтижесінде күз мезгілінде берілген сын-ескертулердің орындалмағаны анықталды.

Қала басшысы аталған мердігер компанияның кемшіліктерді жою бағытында нақты шара қабылдамағанын атап өтті. Осыған байланысты бұл ұйыммен алдағы уақытта жұмыс істеудің өзектілігі жоқ екенін айтып, келісімшартты тоқтату қажеттігін мәлімдеді.

Қала аумағындағы инфрақұрылым нысандары қатаң бақылауда болып, тиісті талаптарды орындамаған мердігерлерге қатысты заң аясында шаралар қабылданатыны ескертілді.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив