Cемей-24°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
506.7 593.14 6.53

«Деректерді өңдеу орталығының алқабы» жобасын жүзеге асыру үшін пилоттық орын ретінде Екібастұз таңдалды

Бүгін, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкімет отырысында «Деректерді өңдеу орталығының алқабы» жобасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Вице-министр Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы аясында Мемлекет басшысы бұл жобаны орынды бастама ретінде бағалағанын атап өтті.

«Деректерді өңдеу орталықтары алқабын орналастыру үшін пилоттық локация ретінде Павлодар облысының Екібастұз қаласы таңдалды. Павлодар облысының әкімдігі жалпы ауданы 200 гектар болатын жер учаскесін резервтеуде. Жоба сумен жабдықтау, автомобиль жолдары, телекоммуникация және электрмен жабдықтауды қоса алғанда, базалық инфрақұрылымды кешенді түрде жүргізуді талап етеді. Аталған жоба Қазақстан аумағында деректерді өңдеу орталықтары мен бұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымының халықаралық хабын қалыптастыруға негіз қалайды, жетекші hyperscaler-компанияларды тартуға мүмкіндік береді, жоғары жалақысы бар білікті жұмыс орындарын құруға ықпал етеді, сондай-ақ есептеу және цифрлық қызметтер экспортын ұлғайту үшін жағдай жасайды», — деді Ростислав Коняшкин.

Жоба аясында инвесторлардың түрлі инвестициялық стратегиялары мен дайындық деңгейін ескеретін икемді қатысу модельдері қарастырылған. Бұл тәсіл инвесторларды, технологиялық компанияларды және бұлтты провайдерлерді тартуға мүмкіндік береді. 

  • Бірінші модель инвесторға энергетикалық қуаты алдын ала резервтелген жер учаскесін беріп, деректерді өңдеу орталығын «нөлден» салуға бағытталған. 
  • Екінші модель инвесторға дайын құрылымдық негізі және базалық инженерлік жүйелері бар форматтағы нысандарды пайдалануды көздейді. 
  • Үшінші модель серверлік қуаттарды Zero CAPEX принципі бойынша жалға алу форматында іске асырып, инфрақұрылымға капиталдық инвестиция салуды көздемейді.
  • Төртінші модель жоғары өнімді есептеу кластерлеріне қолжетімділікпен басқарылатын суперкомпьютер, жасанды интеллект және бұлтты сервистерін ұсынуды қамтиды.

Аталған модельдердің жиынтығы инвестициялар мен жасанды интеллект шешімдерін енгізу үшін әмбебап платформаны қалыптастырып, Қазақстандағы жасанды интеллект экожүйесінің жедел дамуына ықпал етеді.

Бірінші модель шеңберінде инвесторлар үшін қосымша шарт ретінде отандық тауар өндірушілердің өнімдерін басым тәртіппен сатып алу қарастырылған. Инвесторлар үшін арнайы экономикалық аймақ принципі бойынша салықтық преференциялар қарастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде біз мемлекеттік аппаратты ауқымды «цифрлық қайта жаңғыртуға» кірісуіміз керек. Мемлекеттік функциялар тізілімін цифрландыру жүргізілуде. Жасанды интеллект қолдану арқылы функционалдық талдау жүзеге асырылуда. Қаржы министрлігі функцияларды жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстардың тиімділігін талдайды.

Ұлттық экономика министрлігі функцияларды оңтайландыруды және индикаторларға қол жеткізуді ескере отырып, оларға басымдық беруді жүргізеді. Бұдан-әрі Qaztech платформасында мемлекеттік функцияларды реинжиниринг және цифрландыру жүргізіледі.

Нәтижесінде:

- шығындарды оңтайландыру;

- сандық тиімділік мониторингі;

- қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығы артады.

Әлеуметтік қолдау саласындағы негізгі цифрлық құрал – Әлеуметтік әмиян болып саналады. Министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарға тегін дәрі-дәрмекпен қамту жобаларын табысты жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда цифрлық ваучерлер арқылы оқушыларға 69 млн-нан астам түскі ас берілді. Сондай-ақ 14 млн-нан астам рецепт бойынша дәрілік препараттар берілді. Әлеуметтік әмиянды алдағы уақытта келесі салаларда енгізу мүмкіндігі бар, олар: медициналық қызметтер, балабақшалар, секциялар, әлеуметтік маңызы бар тауарлар және өзге де бағыттар. Бұл ретте қолдау шараларын алу критерийлеріне сәйкестік тексеріліп, цифрлық ваучерлер тағайындалады. Көрсетілген қызметтің немесе мемлекеттік қолдау шарасының нақты жеткізілгенін eGov Mobile немесе биометрия арқылы расталады. Сол деректердің негізінде төлемге арналған актілер нақты көрсетілген қызмет фактісі бойынша қалыптастырылады.

«Азаматтар өзіне тағайындалған қолдау шаралары туралы хабардар болып, көрсетілген қызметтердің сапасын бағалай алады. Өз кезегінде, мемлекет қаржыландырудың ашықтығын арттырып, азаматтарға көрсетілетін қолдау шараларының тиімділігін бағалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл үшін мемлекеттік органдар үдерістерді цифрландыру, асыра сілтеп есеп жүргізу мен бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау мүмкіндігін болдырмау мақсатында, өздері көрсететін қолдау шараларын Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізуді қамтамасыз етуі ұсынылады. Азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық және жеке ақпаратты қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын жүзеге асыра отырып, біз цифрлық деректердің кез келген тарапқа таралуына және осы салада «нөлдік төзімділік» саясатына көшеміз. Осы мақсатта біз қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек дербес деректердің жаппай тарап кетуі бойынша қылмыстық жауап-кершілікті енгізуді ұсынамыз. Цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек. Ал жеке ақпаратқа жауапсыз қараудың кез келген фактісі заң бойынша барынша қатаң жазалануы керек», — деді Ростислав Коняшкин.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив