Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

2022 жылдың жылдық бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік туралы

11-04-2023, 12:06 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 118 бабына сәйкес 29 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есептілік негізінде Семей қаласы бойынша 2022 жылдың жылдық бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік қалыптастырылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» № 640 бұйрығының талаптарына сәйкес есептілік жасалды.

Жалпы ағымдығы жылдың ішінде қолма қол ақшаны бақылау шотына 71 288,0 млн. теңге түсті, соның ішінде:

-71 114,0 млн. теңге қалалық бюджетке түскен түсімдер;

-0,4 млн. теңге демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша;

-173,6 млн. теңге қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытша орналастыру қаражатынан.

Түскен қаражаттан 68 350,4 млн. теңге игерілді. Оның ішінде еңбек ақы және бюджетке салықтар мен төлемдерді төлеуге 3 270,5 млн.тенге (4,8%), тауарлар мен қызметтер бойынша жеткізіп берушілер және мердігерлермен есеп айырысуға 30 435,5 млн.тенге (44,5%), ұзақ мерзімді активтерді алуға 63,2 млн.тенге (0,1%), басқа да бағыттарға 34 581,2 млн.тенге (50,6%) жолданды.

Бекітілген кестеге сәйкес 2022 жылдың жылдық бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік Абай облысы қаржы басқармасына ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив