Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Алматыда бірқатар көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме ашылды

23-01-2026, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында биыл мерейтойы аталып өтетін мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет пен өнер саласының 16 көрнекті өкіліне арналған көрме ашылды. Олардың қатарында Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Жұбанов, Сайын Мұратбеков және өзге де тұлғалар бар.

Көрме экспозициясына 350-ден астам баспа басылымы мен 200-ге жуық электронды материал қойылды. Кітапханаға келушілер мерейтой иелерінің өмірбаяны, кәсіби және қоғамдық қызметі жөніндегі мәліметтермен таныса алады. Мәдениет қайраткерлеріне жеке бөлім арналып, олардың театр, кино және музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі таныстырылды.

Көрмені ҚР Ұлттық кітапхана оқырмандары жыл бойы тамашалай алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив