Cемей-22°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
505.71 591.43 6.65

Қазақстан Малшылар Одағы Кешенді жоспарды толық қолдайтынын және оны белсенді жүзеге асыруға дайын екенін растады

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Қазақстан Малшылар Одағының алғашқы отырысы өтті, оған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин қатысты.
Малшылар Одағының басшысы Даурен Салыков жаңа салалық бірлестік қызметінің негізгі бағыттарын жариялады.

Отырыстың басты назарында мал шаруашылығын дамытудың Кешенді жоспарын талқылау болды. Вице-министр қазіргі уақытта саланы қаржыландыру көздері пысықталып жатқанын, ал алғашқы кредиттердің наурыз айында берілетінін хабарлады.

«Қайып ата» ЖШС басшысы Сырым Ертаев Үкімет бекіткен Кешенді жоспар отандық ет өндірісін жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында мал шаруашылығын дамыту жұмысын күшейту жөнінде тапсырма берді. Осы мақсатқа жету үшін бізде барлық қажетті ресурстар мен кең жайылымдық жерлер бар», — деді ол.

Саланың басқа өкілдері де пікірлерін білдірді: «Дорпер» тұқымды қойлар республикалық палатасының төрағасы Думан Нағашбекұлы, қазақ ақбасты тұқымының республикалық палатасының директоры Бахтияр Өтелбаев, «Елім-Ай Көкпекті» ЖШС директоры Болат Бекбердинов.

Қазақстан Малшылар Одағы барлық мал шаруашылығы саласының қатысушыларын үйлестіру және мүдделерін қорғау үшін құрылған. Оның құрылуы кәсіби қауымдастықтың сала ішіндегі жүйелі өзара әрекеттесу және негізгі даму мәселелері бойынша бірлескен ұстаным жасау қажеттілігінен туындады.

Одақ құрамына республикалық салалық палаталар, ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер, азықтандыру алаңдары, сұрыпты шаруашылықтар, ет өңдеу кәсіпорындары, сондай-ақ өндірістік тізбек бойымен — өсіруден өңдеуге және өнімді сатуға дейін жұмыс істейтін фермерлік шаруашылықтар кірді. Қазіргі уақытта Одаққа 1800-ден астам шаруашылық қосылған.

Одақ қызметінің басты бағыттарының бірі — шағын және орта фермерлік шаруашылықтарды қолдау. Жаңа алаң шаруалардың мемлекеттік қолдау шараларына, қаржыландыруға, салалық сараптама мен сату нарықтарына қолжетімділігін кеңейтеді, ірі нарық қатысушыларымен өзара әрекеттестікті жеңілдетеді және кооперацияны дамытуға мүмкіндік береді. Жалпы, бірлестіктің қызметі саладағы нақты мәселелерді шешуге — өнімділікті және сапаны арттыруға, өңдеуді дамытуға және экспорттық әлеуетті күшейтуге бағытталған.

Отырыстың қорытындысы бойынша Малшылар Одағының кеңес құрамы бекітіліп, бірлестіктің төрағасы сайланды. Дауыс беру нәтижесінде төраға қызметіне Сырым Ертаев сайланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив