Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Бір палаталы Құрылтай заң жобаларын үш оқылымда қарайды

24-01-2026, 14:16 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Құрылтайдың заң қабылдау үдерісі қандай форматта ұйымдастырылатынын айтты. 

– Бір палаталы Құрылтайдың заң шығару үдерісі де жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде, Құрылтай жұмысына заң жобаларын үш оқылымда қарастыру форматын енгізу ұсынылды. Алғашқы екі оқылымда заң жобасының мазмұны айқындалады. Ал үшінші оқылым заң жобасының заңнамалық тұрғыдан дұрыстығын қамтамасыз етеді, - деді ол.

Ерлан Қарин заң шығару үдерісінің үздіксіз болуына Парламентте екінші палатаның болмауы бұған кедергі келтірмейтінін атап өтті.

– Сондықтан Парламент болмаған кезде заң шығару функциясы мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы – Президентке жүктеледі. Жұмыс тобы осындай ұсыныс енгізді, - деді Мемлекеттік кеңесші.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив