Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.17 543.26 6.01

Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы — тарихи оқиға

24-01-2026, 14:21 018.kz

Мемлекеттік кеңесші — Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі Конституциялық комиссияның құрылуын тарихи оқиға деп бағалады. 

— Конституциялық комиссияның құрылуын тарихи оқиға деуге болады. Қазақстан ауқымды өзгерістің, түбегейлі бетбұрыстың алдында тұр. Халқымыз ұлт жылнамасындағы жаңа кезеңге қадам басқалы отыр. Міне, осындай шешуші сәтте бізге аса маңызды миссия жүктелді, — деді ол.

Ерлан Қариннің пайымдауынша, бұл миссияны алып жүру – үлкен жауапкершілік.

— Бүгін осы залға түрлі саланың кәсіби мамандары, тәжірибесі мол, елге белгілі азаматтар жиналған. Бәріміздің мақсат-міндетіміз — ортақ. Сондықтан, осы айрықша міндетті абыроймен атқарып шығамыз деп сенемін, — деді Мемлекеттік кеңесші.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив