Конституциялық комиссияның құрылуын конституциялық трансформацияға өту ретінде қарастырған жөн – Әзімова
Конституциялық комиссияның алдында айрықша миссия тұр. Бұл туралы Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова мәлім етті.
– Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды. Оны іске асыруға барлық саяси партия, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлік құрылымдар, заңгерлер мен сарапшылар бастамаларын жолдады. Сол себепті Конституциялық комиссияның құрылуын салалық өзгерістерден кешенді конституциялық трансформацияға өту ретінде қарастырған жөн. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мәслихат төрағалары, БАҚ басшылары, қоғамдық белсенділер, мемлекеттік органдар мен өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ сараптамалық және ғылыми қауымдастықтар енді. Бұл қоғамдық көзқарастардың, тәжірибе мен сұраныстың әралуандығын көрсетеді, - деді Э. Әзімова.
Осы орайда ол Конституциялық комиссияның алдында айрықша миссия тұрғанын атап өтті. Бір жағынан конституциялық құрылыстың іргелі қағидаттарын сақтай отырып, екінші жағынан заманауи сын-қатерлерге қатысты өз ұстанымымызды толыққанды айқындауға мүмкіндік беретін Ата заңның тиісінше теңгерімін қамтамасыз ету ескерілгенін айтты.
– Сіздердің кәсіби тәжірибелеріңіз, отансүйгіштік және салмақты ұстанымдарыңыз барлық ұсынысты жан-жақты қарастыруға, оларды жүйелеп қорытуға, еліміздің дамуына қуатты серпін бере алатын нақты әрі сараланған өзгерістер жобасын әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деді ол.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМәулен Әшімбаев Президент реформаларының мән-жайын түсіндірді: елге неліктен біртұтас әрі ықпалды Парламент қажет?