Конституциялық реформа: Президентке қандай лауазым иелерін тағайындау құқығы беріледі
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Президентке қандай лауазым иелерін тағайындау құқығы берілетінін айтты.
- Президент ең жоғарғы лауазымды тұлға ретінде мемлекеттің жұмыс істеуі үшін негізгі жауапкершілікті арқалайды. Осыған орай, Конституцияда Президенттің Құрылтайдың келісімімен, оның депутаттарының жалпы санынан көпшіліктің дауысымен келесі лауазымдарға тағайындау құқығын бекіту ұсынылады: Қазақстан Республикасының вице-президентін, Қазақстан Республикасының Премьер-министрін, Конституциялық соттың 10 судьясын, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін, - деді министр.
Оның айтуынша, бұл ретте Президентке аталған лауазымдарды тағайындауға бір немесе бірнеше рет келісім беруден бас тартқан жағдайда Құрылтайды тарату құқығы беріледі. Бұл құрылым алдын алу функциясын атқарып, саяси күштерді ымыра іздеуге және жауапкершілікпен әрекет етуге ынталандырады.
- Жалпы ұсынылған модель Президент пен Құрылтай арасында тепе-теңдік қалыптастырып, Мемлекет басшысының бастамашыл рөлін депутаттар корпусымен шешуші дауыс алу арқылы үйлестіреді. Ұсынылған тәсіл Мемлекет басшысының тағайындауларын тек Құрылтайдың келісімімен жүзеге асыруды қарастыратыны түбегейлі маңызды екенін атап өткен жөн. Бұл ережелер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтетіні сөзсіз. Себебі жүйе тұлғаларға емес, мемлекеттік басқару институттарының сапасына тәуелді, - деді Ерлан Сәрсембаев.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМәулен Әшімбаев Президент реформаларының мән-жайын түсіндірді: елге неліктен біртұтас әрі ықпалды Парламент қажет?Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ