Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
502.27 597.15 6.57

Сенат Комитеті Қазақстанның интеграциялық бірлестіктерге қатысу мәселелерін қарады

Кеше, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Парламент Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасының интеграциялық бірлестіктерге қатысу мәселелеріне арналған отырысы өтті. Өзара іс-қимылдың қазіргі нәтижелері, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді және қосымша талдауды талап ететін аспектілер қаралды.

Комитет төрағасы Андрей Лукин Қазақстанның интеграциялық бірлестіктерге қатысуы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сыртқы сауда динамикасына, инвестициялық ағындарға және отандық тауарлар мен қызметтердің сыртқы нарықтарға шығу жағдайларына тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Халықаралық экономикалық байланыстардың трансформациялануы жағдайында мемлекеттік органдардың объективті деректерге, талдамалық бағалаулар мен болжамдарға негізделген үйлесімді ұстанымының маңызы арта түсуде. Дәл осындай тәсіл Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, салмақты шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.

Отырысқа Сыртқы істер, Әділет, Сауда және интеграция, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырысты қорытындылай келе, Андрей Лукин талқылаудың сындарлы әрі мазмұнды сипатын атап өтті, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, интеграциялық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша одан арғы бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив