Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Курорттық аймақтарда 3 әуежай салынып, Алакөлге қосымша пойыздар қосылады

27-01-2026, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Үкімет отырысында туристік дестинациялардың көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың тез жету мүмкіндігін арттыру жөніндегі шаралар туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады.

▪️Әуе қатынасы: биыл Катонқарағай, Зайсан және Кендерлі курорттық аймақтарындағы әуежайлардың құрылысы, сондай-ақ Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Венаға, Римге және Шанхайға рейстерді қосқанда 15 жаңа халықаралық маршрут ашылады.
▪️Теміржол тасымалы: парк 191 жаңа вагонмен толықтырылады. Жазғы кезеңде 13 қосымша маршрут іске қосылады, бұл 400 мың қосымша орынды қамтамасыз етеді.
▪️Автожолдар: Жаңаөзен – Кендірлі және Өскемен – Катонқарағай бағыттарын қоса алғанда, негізгі көрікті жерлерге апаратын 5 мың шақырым жол жөнделуде.

Танымал бағыттарға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, Алакөл көліне Астанадан, Алматыдан және шығыс өңірлерден 8 қосымша пойыз қосу көзделген. Сонымен қатар, біз жол бойындағы сервисті дамытып жатырмыз: 2026 жылы 50 жаңа нысан салу жоспарлануда. Бұл шараларды жүзеге асыру жол жүру уақытын қысқартады және туристер үшін жайлылықты арттырады, — деп атап өтті министр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив