Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған.
2005-2006 жылдары – «Қазақстандағы Қытай банкі» акционерлік қоғамы әкімшілік департаментінің маманы;
2006-2008 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы;
2008-2010 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің атташесі, үшінші хатшысы;
2010-2012 жылдары – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің үшінші хатшысы;
2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы;
2013-2014 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжам комитетінің бірінші хатшысы;
2014-2018 жылдары – Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы;
2018-2019 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Баспасөз қызметінің басшысы – ресми өкілі;
2019-2023 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – ресми өкілі;
2023-2025 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Коммуникациялар департаментінің директоры – ресми өкілі;
2025 жылғы наурыздан желтоқсанға дейін – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ресми өкілі;
2025 жылғы желтоқсан мен 2026 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
2026 жылғы 29 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
IІ сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
«Халық алғысы» және «Шапағат» медальдарымен марапатталған.