Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
503.9 603.32 6.61

Облыс әкімі Семейдегі №6 гимназияда болды

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы №6 гимназияға барып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, өзекті мәселелеріне назар аударды.

Гимназия орналасқан ғимарат 1967 жылы салынған. Білім ордасы жұмысын 1984 жылы бастаған. Бүгінде 128 ұстаз еңбек етеді. 900 орынға шақталған мектепте 2 мыңға жуық оқушы 2 ауысыммен оқиды.

Қазіргі уақытта гимназия жоғары оқу жүктемесі жағдайында жұмыс істеп жатыр. Оқу кабинеттері тар, заман талабына сай емес. Білім ордасының материалдық-техникалық базасының бүгінгі жағдайы оқушылар мен педагогтарға қолайсыздық тудыруда.

Нысанда 1993 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазіргі уақытта екі ғимаратта да электр сымдары мен кәріз жүйелері тозған, ауыстыруды қажет етеді. Жылыту желілеріне ішінара жөндеу жасалғанымен, жылу жүйесі толық жаңартуды талап етеді.

Нысан аумағы қоршаумен қамтамасыз етілмеген. Іргелес аумақтағы асфальт жабыны ұзақ уақыт бойы жөнделмегендіктен шұңқырлар пайда болып, қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Мектеп дәліздерінің қабырғаларында жарықтар пайда болған, ағаш едендер бұзылған. Тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2009 жылы салынған спорт залының плиталары жарылған, шатыр жабындары тозған. Жалпы оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту қажеттілігі бар.

Аймақ басшысы мектеп ғимаратын, оқу кабинеттерін, спорт залын аралап көрді. Мектептегі проблемаларды жақсы білетінін айтып, білім ордасындағы өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Білім басқармасына гимназия ғимараттарын жаңғырту бойынша тиісті ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

«Мектеп қаланың ортасында орналасқандықтан қосымша ғимарат салатын орын тапшы. Балалардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуы үшін мектептің материалдық-техникалық жағдайын заманауи талаптарға сай жаңартамыз. Әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетеміз. Бүгінгі күні облыста 7 мың балаға орын тапшылығы бар. Соған орай қосымша жаңа мектептер салынатын болады», – деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив