Конституциялық комиссия мүшесі: Жаңа Конституция мәселесін қарау орынды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев комиссия аясында жаңа Конституция мәселесін қарауды ұсынды.
– Кейінгі екі күн ішінде біз ұсынылып отырған өзгерістерді жан-жақты әрі мұқият талқыладық. Кеше жобаның алдын ала нұсқасы таныстырылды. Мен бұл өзгерістердің бәрін тереңнен зерделеп шықтым. Мұндай Конституцияның мазмұндық тұжырымдамасын өзгертуге бағытталған өзге де маңызды жаңалықтар аз емес, - деді ол.
Мәди Мырзағараев ұсынылып отырған өзгерістердің бәрі қоғамның бүгінгі сұранысына, заман талабына сай келетінін атап өтті.
– Осыған байланысты Конституциялық комиссия аясында жаңа Конституция мәселесін қарау орынды деп санаймын. Сөз соңында бұл өзгерістер бойынша түпкілікті шешімді Қазақстан халқы қабылдайтынын тағы бір мәрте атап өткім келеді. Бұл өзгерістердің тағдырын референдум айқындайды. Бүгінгі біздің міндетіміз – қоғамға айқын әрі адамға бағытталған Конституциялық шешімдерді ұсыну. Одан арғысы халқымыздың қолында, - деді ол.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі