Конституциядағы референдум атауын жалпыұлттық референдум деп өзгерту керек — Мәжіліс депутаты
Конституциядағы республикалық референдум атауын жалпыұлттық референдум деп өзгерту керек. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты.
— Комиссия аясында тарихи қателікті түзетуге мүмкіндік бар. Қазіргі Конституция мәтініне сәйкес, референдум республикалық референдум деп аталады. Дегенмен, өздеріңіз білетіндей референдум ең маңызды мәселелер бойынша өткізілуі керек. Сондықтан, референдум атауының нысанын «халықтың бірлігі референдум өткізудің негізгі талабы» деп өзгерту керек. Осыған байланысты атауын республикалық референдум орнына халықтық ұлттық референдум, жалпыұлттық референдум деп өзгерту ұсынылады, — деді Мұрат Әбенов.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзі