Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ерекше мән береді

25-04-2023, 13:41 Думан Кенжеғазыұлы

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі Арнаулы уәкіл, сенатор Асқар Шәкіров Копенгагендегі Парламенттік Ассамблея Бюросының отырысына қатысты.

Парламентшілер ПА-ның ағымдағы қызметі мен халықаралық өзекті мәселелерді, оның ішінде сайлауды байқау миссияларын ұйымдастыруды, жыл сайынғы сессияның Ванкувердегі 30-шы отырысына дайындықты талқылады. Жалпы үш комитеттің, арнайы комитеттер баяндамашыларының, қазынашының, сондай-ақ Ассамблея жұмысының негізгі бағыттары бойынша арнаулы уәкілдердің есептері тыңдалды.

Отырыста сөз алған қазақстандық сенатор ағымдағы жылғы 19 наурыздағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі миссияны Қазақстанға жібергені үшін ЕҚЫҰ ПА басшылығына алғысын білдірді. Оның пікірінше, жүйелі демократиялық қайта құрудың маңызды кезеңінде құрамына Ассамблея Бюросының 9 мүшесі кірген осындай өкілді делегацияның қатысуы Қазақстанның парламенттік қоғамдастығының қолдап отырғанының дәлелі болып табылады.

Асқар Шәкіров шара аясында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Маргарета Седерфельтпен Қазақстанның парламенттік Ассамблеямен парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Ассамблея басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанның құрылысы жөніндегі стратегиялық реформаларын жоғары бағалады және ағымдағы жылдың маусым айында елімізге ресми сапармен келуге дайын екенін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив