Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

«Air Astana» әуе компаниясы Шанхай бағыты бойынша рейстерді іске қосады

30-01-2026, 15:50 018.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 29 наурызынан бастап «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына 3 рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін артады.

Рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив