Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Жер мәселесіне қатысты жалған ақпарат жоққа шығарылды

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген жалған ақпараттың таралғанын тіркеді.

Орталық бұл мәлімдемелердің шындыққа жанаспайтынын және фактілерді әдейі бұрмалау болып табылатынын хабарлайды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының 6-бабының 3-тармағында белгіленген «жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сондай-ақ басқа да табиғи ресурстар» туралы норма жаңа Конституция жобасында да өзгеріссіз сақталған. Аталған тұжырымға ешқандай түзету енгізілмеген.

Сонымен қатар, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия бұл нормалардың өзгермейтінін ресми түрде растаған.

Айта кету керек, жаңа Конституция жобасында мемлекеттің тұтастығы мен унитарлығы бұрынғыдай өтпелі немесе қорытынды ережелерде емес, конституциялық құрылыстың негіздері ретінде бастапқы тарауларда нақты бекітілген. Бұл Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен базалық қағидаттарының мызғымастығына берілетін құқықтық кепілдіктерді күшейтеді.

2026 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының 2-бабында:

– 2-тармақ: Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, бөлінбеуін және оған қол сұғылмауын қамтамасыз етеді.
– 6-тармақ: Қазақстан Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару нысаны өзгермейді.

Осылайша, шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу күшін жойды деген ақпараттың ешқандай құқықтық негізі жоқ және қоғамды әдейі жаңылыстыруға бағытталған.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жалған әрі манипуляциялық ақпаратты тарату құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салып, азаматтар мен медиа өкілдерін ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге және деструктивті түсіндірмелердің таралуына жол бермеуге шақырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив