Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.02 597.27 6.59

Шалқар Байбеков: Конституциялық реформа – ел болашағын айқындайтын маңызды қадам

Бүгін, 09:00 018.kz

Абай облыстық мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысына қатысып, жаңа Конституция жобасына қатысты өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, ол бірнеше күн бойы Астанада өткен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысқан. Жиын барысында еліміздің болашағына тікелей әсер ететін маңызды шешімдер талқыланып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының алғашқы жобасы қаралған. Бұл құжат соңғы алты ай бойы жүргізілген жан-жақты талқылаулар мен түскен ұсыныстарды жүйелеудің нақты нәтижесі болып табылады.

Шалқар Байбеков ұсынылып отырған өзгерістердің кездейсоқ еместігін атап өтті. Соңғы жылдары қоғам тарапынан биліктің ашықтығына, шешім қабылдау үдерісінің жеделдігі мен жауапкершілігіне деген сұраныс артқанын айтты. Осы талаптарды ескере отырып, Мемлекет басшысының бастамасымен Конституцияны кешенді жаңарту қолға алынған. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысының басты мәні де осы бағытта екеніне тоқталды.

Комиссия қараған жобаға сәйкес, Конституцияға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Жаңа редакцияда негізгі заң 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Сонымен қатар, екі жаңа бөлім енгізіліп, бірнеше бөлімнің атауы өзгертіледі.

Мәслихат төрағасының мәлімдеуінше, жаңа Конституция жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен 2 мыңнан астам ұсыныс негізінде әзірленген. Бұл еліміздің тарихындағы ең ауқымды конституциялық жаңғыртулардың бірі саналады.

Шалқар Байбеков түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатынын атап өтіп, бұл өзгерістердің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды қадам екенін жеткізді. Оның айтуынша, реформа Қазақстанның жаңа даму кезеңіне өтуіне берік негіз қалайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив