Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.02 597.27 6.59

Шәкәрім университеті жаңа Конституция жобасындағы басым бағыттарды қолдайды

Бүгін, 09:21 SHAKARIM UNIVERSITY

Шәкәрім университетінің ректоры – Басқарма төрағасы Думан Орынбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына қатысты өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, жарияланған Конституция жобасында білім, ғылым, технологиялар мен инновациялар елдің тұрақты дамуының негізгі тірегі ретінде айқындалған. Бұл бағыттар өңірлердің әлеуетін арттыруға және олардың экономикалық дамуына серпін беруге нақты мүмкіндік береді.

Думан Орынбеков жаңа жобада өңірлер үшін ғылыми-техникалық кластерлерді дамыту, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, экология және цифрландыру салаларында қолданбалы зерттеулер жүргізу, аймақ экономикасына қажетті кадрлар даярлау сияқты маңызды басымдықтар белгіленгенін атап өтті. Сондай-ақ университеттерді технология мен сараптаманы тарату алаңы ретінде пайдалану мүмкіндігі кеңейетінін айтты.

Ректордың пікірінше, жалпыхалықтық референдум – елдің алдағы дамуының нақты моделін таңдауға берілетін мүмкіндік. Осы орайда Шәкәрім университеті жаңа Конституция жобасында айқындалған бағыттар бойынша белсенді жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Ол жоғары оқу орны өңірдің ғылыми, білім беру және инновациялық әлеуетін арттыруға өз үлесін қоса отырып, ел дамуына қызмет етуді жалғастыра беретінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив