Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.02 597.27 6.59

Айрат Базенов: Жаңа Конституция – елдің ұзақ мерзімді дамуына арналған құқықтық негіз

Бүгін, 10:27 018.kz

Alikhan Bokeikhan University тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Айрат Базенов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жариялануына байланысты өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, егемендіктің алғашқы жылдарында қабылданған Конституция мемлекетіміздің іргетасын қалауға қызмет етсе, бүгін ұсынылып отырған жаңа Ата Заң Қазақстанның жаһандану мен цифрлану дәуіріндегі тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ олардың жауапкершілігін арттыруға басымдық береді.

Айрат Базенов жаңа Конституция билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен тежемелік қағидаттарына негізделген басқару моделін қалыптастырып, адамның еркін дамуына жағдай жасайтын, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтатын құқықтық негіз болуға тиіс екенін атап өтті.

Оның пікірінше, Конституция тек құқықтық құжат қана емес, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікке негізделген қоғамдық шарт болып табылады. Осыған байланысты әрбір азаматтың бұл үдерістен шет қалмай, өз пікірін білдіруі демократиялық қоғамның маңызды белгісі саналады.

Проректор 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан саяси және экономикалық реформалар суперпрезиденттік басқару үлгісінен әділеттілік пен демократиялық қағидаттарға сүйенген билік жүйесіне кезең-кезеңімен өтуді көздейтінін де атап өтті. Бұл өзгерістер тек ішкі қоғамдық сұраныстан ғана туындап отырған жоқ.

Айрат Базеновтың айтуынша, Қазақстан жаһандық өркениеттің бір бөлігі ретінде әлемдік даму логикасына сай келетін заманауи саяси жүйе қалыптастыруы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция еліміздің ұзақ мерзімді дамуына берік құқықтық негіз болады деген сенім бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив