Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Арайлым Оразғалиева: Жаңа Конституция – саяси-құқықтық жаңғырудың жаңа кезеңі

1-02-2026, 10:54 SHAKARIM UNIVERSITY

PhD доктор, қауымдастырылған профессор, «Шәкәрім университеті» КеАҚ Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы, ҚХП, ҚӘКА, облыстық Аналар кеңесі мен қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Арайлым Оразғалиева Конституциялық комиссия әзірлеген жаңа Конституция жобасына қатысты өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасы – елдегі саяси-құқықтық жаңғырудың логикалық жалғасы әрі жаңа көзқарасты, жаңа бетбұрысты білдіретін маңызды құжат. Құжатты әзірлеу барысында азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, саяси партиялар мен сарапшылардан түскен ұсыныстардың ескерілуі мемлекеттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын институционалдық деңгейде бекітіп отырғанын көрсетеді.

Арайлым Оразғалиева Конституция преамбуласының толықтай жаңартылуын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, бұл қадам Қазақстанның тарихи сабақтастығын, қазіргі даму бағыты мен болашақ стратегиялық мақсаттарын айқындайтын маңызды норма болып табылады. Сонымен қатар, аталған өзгеріс Ата Заңның тек құқықтық қана емес, сонымен бірге құндылықтық негізін күшейтеді.

Ол жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтып, азаматтардың ел дамуына белсенді қатысуына кең мүмкіндік беретінін атап өтті. Мұндай жаңғыру елдің демократиялық дамуын тереңдетуге және құқықтық мемлекеттің берік іргетасын қалыптастыруға қызмет етеді деген сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив