Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.02 597.27 6.59

Асқар Қасымов: Экологияны қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

Бүгін, 11:18 018.kz

Шәкәрім университетінің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов экология мәселелеріне қатысты ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер жөнінде өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы әрдайым ерекше назар аударып келе жатқан экология және қоршаған ортаның тазалығы мәселесі бүгінгі таңда жаңа деңгейге көтеріліп отыр. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы бір реттік шара емес, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі бастама ретінде ұсынылған. Президент бұл бастамаға формалды емес, саналы әрі жауапты көзқараспен қараудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен.

Асқар Қасымов бұл бағыттан Шәкәрім университетінің де шет қалмай, білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік қызметінде экология, табиғатты қорғау және тұрақты даму мәселелерін тұрақты түрде көтеріп келе жатқанын айтты.

Проректордың пікірінше, табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігі бүгінде әлдеқайда жоғары, конституциялық деңгейге көтеріліп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Конституциясының 34-бабына бірқатар нақты нормаларды енгізу ұсынылуда. Атап айтқанда, азаматтардың табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті екені, мемлекеттің адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат ететіні, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін фактілерді лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа әкелетіні айқын бекітіледі.

Асқар Қасымов бұл өзгерістерді жай ғана құқықтық түзету емес, қоғамның экологияға деген көзқарасының эволюциясы, азаматтық жауапкершіліктің жаңа деңгейі деп бағалады. Оның айтуынша, табиғатты қорғау енді тек моральдық таңдау ғана емес, әрбір азаматтың конституциялық міндеті ретінде белгіленіп отыр.

Түйіндей келе, проректор ұсынылып отырған өзгерістердің орынды, уақытында көтерілген және елдің ұзақ мерзімді дамуына қызмет ететін маңызды қадам екенін атап өтті. Таза қоршаған ортаны сақтау – бүгінгі күннің ғана емес, келер ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив