Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

«Астана – Семей» бағытында жаңа жолаушылар вагоны пайдалануға берілді

2-02-2026, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Астана – Семей» бағытындағы №121/122 жедел жолаушылар пойызы құрамына «Арай транс KZ» ЖШС ұсынған жаңа купелік жолаушылар вагонының қосылғанын хабарлайды. Жаңа вагон заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жасалған.

Вагонда жұмсақ әрі эргономикалық орындықтар, ауа кондиционерлеу жүйесі, бейнебақылау, экологиялық таза биодәретхана кешені, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, сондай-ақ мобильді құрылғылар мен ноутбуктерді қуаттауға арналған USB және Type-C ұяшықтары қарастырылған.

2023–2024 жылдар аралығында «Арай транс KZ» ЖШС жылжымалы құрамды жаңарту аясында тағы үш жолаушылар вагонын (1 купелік, 2 плацкарттық) пайдалануға берді. Аталған шаралар теміржол паркін жаңғырту шеңберінде жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі әлеуметтік маңызы бар бағыттарда тұрақты жолаушылар қатынасын қамтамасыз ету және жолаушылар паркін кезең-кезеңімен жаңарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив