Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
498.65 589.06 6.49

Жаңа Конституция жобасы өңірлермен онлайн форматта талқыланды

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен өңірлердің қатысуымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған онлайн кеңес өтті.

Кеңес барысында Марат Әзілханов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның атқарған жұмысына кеңінен тоқталып, жаңа заң жобасының ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтті.

Жиынға қатысқан өңірдегі этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйым өкілдері Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылап, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Атап айтқанда, жаңа Конституция жобасында көзделген Қазақстан Халық Кеңесін құру мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстар айтылып, қоғамдық келісімді нығайтудағы ел азаматтарының ортақ жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Онлайн кеңеске қатысқан өңіріміздің этномәдени бірлестік жетекшілері жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив