Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.63 583.22 6.42

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін, 10:09 018.kz

2026 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы «Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Басқосудың басты мақсаты – жаңа Конституция жобасы аясында ғылым, білім, адами капитал және инновацияның мемлекеттің стратегиялық даму негізіне айналуын талқылау болды.

Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, академиктер қатысты. Академия президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы жаңа Ата Заңдағы өзгерістердің тарихи мәні мен маңызын атап өтті. Ол жаңа Конституцияда адами капитал мен инновацияның мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде белгіленгенін және бұл модель елдің дамуына бағдар беретінін жеткізді. Сонымен қатар, Конституцияны дұрыс түсінбеу салдарынан әлеуметтік желілерде таралып жатқан жалған ақпаратқа тоқталды.

Академиктердің үндеуінде: ғылым – қоғам дамуының өлшемі, ал Конституция – осы дамудың іргетасы деп көрсетілді. Олар жаңа Конституциялық реформалардың ғылыми тұрғыдан сараланып, қоғамда дұрыс қабылдануы керектігін атап өтті. Конституция жобасында мәдениет, білім, ғылым және инновация басты құндылық ретінде қарастырылып, адам капиталы мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде танылған. Сондай-ақ, сөз бостандығы, ғылыми және шығармашылық еркіндік, білім алуға тең мүмкіндік қамтамасыз етілген.

Дөңгелек үстел барысында академиктер мен сарапшылар Конституцияның әлеуметтік, ғылыми және институционалдық аспектілерін талқылап, оның елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Академиялық қауымдастық жаңа Конституцияны тек құқықтық құжат емес, елдің «даму зияткерлік картасы» ретінде бағалап, бірауыздан қолдау білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив